وَعَنْ عَطَاءٍ أَنَّهُ سَمِعَ ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقْرَأُ: ﴿وَعَلَى الَّذِينَ يُطَوَّقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ﴾. قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «لَيْسَتْ بِمَنْسُوخَةٍ، هُوَ الشَّيْخُ الْكَبِيرُ وَالْمَرْأَةُ الْكَبِيرَةُ لَا يَسْتَطِيعَانِ أَنْ يَصُومَا، فَلْيُطْعِمَانِ مَكَانَ كُلِّ يَوْمٍ مِسْكِينًا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ، وَهَٰذَا لَفْظُهُ، وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Ата Ибн Аббастың (р.а.) «Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек»1 деген аятты оқығанын естіген. Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Бұл аяттың үкімі жойылған жоқ. Ол ораза ұстауға шамасы келмейтін қарт ер мен қарт әйелге қатысты. Олар ораза ұстамаған әр күні үшін бір жарлыны тамақтандырсын».2 (Түсіндірмесі № 463 хадистің соңында берілген.)