وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ وَأَبِي دَاوُدَ عَنْ أَنَسٍ: «فَمَرَّ رَجُلٌ مِنْ بَنِي سَلِمَةَ وَهُمْ رُكُوعٌ فِي صَلَاةِ الصُّبْحِ نَحْوَ بَيْتِ الْمَقْدِسِ، فَقَالَ مَرَّتَيْنِ: أَلَا إِنَّ الْقِبْلَةَ قَدْ حُوِّلَتْ إِلَى نَحْوِ الْكَعْبَةِ. فَمَالُوا كَمَا هُمْ رُكُوعًا إِلَى الْكَعْبَةِ».
Мүслім мен Әбу Дәуіттің Әнәстан (р.а.) жеткізген тағы бір риуаятында былай делінеді: «Жамағат таң намазында Бәйтул-Мақдиске қарап рүкүғта тұрған кезде, Бәни Сәлима руынан бір кісі келіп: “Уа, жамағат! Құбыла Қағбаға ауысты!” – деп екі рет дауыстады. Жамағат рүкүғта тұрған күйі Қағбаға бет бұрды».1
Түсіндірме
Алдыңғы хадисте Қағбаға бет бұрып оқылған алғашқы намаз екінті намазы болғаны айтылса, бұл риуаятта құбыланың ауысқаны туралы хабардың таң намазында жеткені баяндалады. Ғалымдар мұны былай түсіндіреді: «Алла елшісіне (с.а.с.) екінті намазы кезінде жеткен әмірді Құбадағы жамағат келесі күні таң намазында естіген болуы мүмкін. Өйткені Құба Мәдинаның сыртындағы ауыл еді. Хабардың онда кешігіп жетуі орынды».
- 1Мүслим, «Мәсәжид», № 527. Әбу Дәуіт, «Салат», № 1045.