وَعَنِ النَّوَّاسِ بْنِ سَمْعَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يُؤْتَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِالْقُرْآنِ وَأَهْلِهِ الَّذِينَ كَانُوا يَعْمَلُونَ بِهِ فِي الدُّنْيَا، تَقْدُمُهُ سُورَةُ الْبَقَرَةِ وَآلِ عِمْرَانَ». وَضَرَبَ لَهُمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ثَلَاثَةَ أَمْثَالٍ مَا نَسِيتُهُنَّ بَعْدُ، قَالَ: «كَأَنَّهُمَا غَمَامَتَانِ، أَوْ ظُلَّتَانِ سَوْدَاوَانِ بَيْنَهُمَا شَرْقٌ، أَوْ كَأَنَّهُمَا فِرْقَانِ مِنْ طَيْرٍ صَوَافَّ، تُحَاجَّانِ عَنْ صَاحِبِهِمَا». «الشَّرْقُ»: الضَّوْءُ.
Нәууас ибн Сәмған (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Қиямет күні Құран мен дүниеде соған сай амал еткендер әкелінеді. Құранның алдында ‘Бақара’ мен ‘Әли Имран’ сүрелері жүреді”, – дегенін естідім. Ол осы екі сүреге қатысты үш теңеу айтты. Сол теңеулер есімнен әлі кеткен жоқ. “Олар қос бұлттай, не арасынан сәуле көрінген қос қара саядай, не сап түзеген екі топ құстай болып, өздерін ұстанғандарды жақтайды”, – деді».1
Түсіндірме
Кейбір ғалымдар осы хадистегі ишараларға сүйеніп, дүниеде жасалған игі амалдар қиямет күні белгілі бір кейіпке еніп, таразыға тартылады дейді. Хадисте Құранның кейбір сүрелері де айрықша кейіпте көрінетіні айтылған.
«Бақара» мен «Әли Имран» сүрелерінің Құранның алдында жүруі сауабының молдығы мен дәрежесінің биіктігін білдіреді. Екеуі де Құрандағы ең ұзын сүрелердің қатарына жатады әрі онда үкімдер мол қамтылған. Хадисте бұл сүрелердің қара саяға теңелуі де тегін емес. Қиямет күнінің суреттемелерінде адамдардың сол күні саяға қатты мұқтаж болатыны айтылады. Қара саяның көлеңкесі қою, аптаптан жақсы қорғайды. Кейбір ғалымдар екі саяның арасындағы сәулені оларды бөліп тұрған шекара деп түсіндірген. Енді біреулер қою көлеңкелер қабаттасып тұрса да, жарық өткізетінін айтып, хадистегі сәулені солай жорыған.
- 1Мүслим, «Мусафирин», № 805. Тирмизи, «Сауабул-Құран», № 2883.