Хадис

Кутуб ситтә, № 3899

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
519. Әртүрлі әдептер
Нөмірі
№ 3899 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
3899
Кутуб ситтә, № 3899 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَخَذَ النَّبِيُّ ﷺ بِيَدِ مَجْذُومٍ فَوَضَعَهَا مَعَهُ فِي الْقَصْعَةِ، وَقَالَ: كُلْ ثِقَةً بِاللَّهِ وَتَوَكُّلًا عَلَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ رَزِينٌ فَقَالَ: «وَفَعَلَ ذَلِكَ أَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَقَالَا مِثْلَ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) алапеске шалдыққан кісінің қолынан ұстап, оның қолын өз қолымен бірге табаққа салды да: “Аллаға сеніп, Оған тәуекел етіп жей бер”, – деді».1

Рәзин: «Әбу Бәкір мен Омар (р.а.) да осылай істеп, осыған ұқсас сөз айтқан», – деп толықтырады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Тибб 24 (3925); Тирмизи, Атғима 19 (1818); Ибн Мәжа, Тибб 44 (3542).