Хадис

Кутуб ситтә, № 3794

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
508. Жұма мен айт күніндегі ғұсыл
Нөмірі
№ 3794 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3794
Кутуб ситтә, № 3794 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: غُسْلُ الْجُمْعَةِ وَاجِبٌ عَلَىٰ كُلِّ مُحْتَلِمٍ، وَأَنْ يَسْتَنَّ، وَأَنْ يَمَسَّ طِيبًا إِنْ وَجَدَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жұма күні ғұсыл алу балиғатқа жеткен әр кісіге уәжіп. Мисуак қолдансын, хош иіс тапса, оны да жақсын”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Жұма» (879–880), «Азан», 161, «Шаһадат», 18. Мүслим, «Жұма» (846). Мәлік, «Муатта», «Жұма», 4 (1/102). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (341). Нәсәи, «Жұма», 6, 8 (3/92–93).