Хадис

№ 3659–3664 хадистер

Кутуб ситтә, 8-том, 494-тарау · 6 хадис · № 3659–3664

Хадистер

3659
Кутуб ситтә, № 3659 · тараудағы реті: 1

عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ الْحَنَفِيَّةِ قَالَ: «قَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: كُنْتُ رَجُلًا مَذَّاءً، فَاسْتَحْيَيْتُ أَنْ أَسْأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لِمَكَانِ ابْنَتِهِ، فَأَمَرْتُ الْمِقْدَادَ بْنَ الْأَسْوَدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَسَأَلَهُ، فَقَالَ: يَغْسِلُ ذَكَرَهُ وَيَتَوَضَّأُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Ханафияның жеткізуінше, Әли (р.а.) былай деген: «Менен мәзи жиі шығатын. Алла елшісінің (с.а.с.) қызы жұбайым болғандықтан, одан бұл туралы сұрауға ұялдым. Миқдад ибн әл-Әсуәдқа (р.а.) сұрауды тапсырдым. Ол сұрағанда, Алла елшісі: “Жыныс мүшесін жусын да, дәрет алсын”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Ғұсыл» (269). Мүслим, «Хайыз» (303).
3660
Кутуб ситтә, № 3660 · тараудағы реті: 2

وَفِي رِوَايَةِ مَالِكٍ وَأَبِي دَاوُدَ، عَنِ الْمِقْدَادِ: «أَنَّ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَمَرَهُ أَنْ يَسْأَلَ لَهُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الرَّجُلِ إِذَا دَنَا مِنِ امْرَأَتِهِ فَخَرَجَ مِنْهُ الْمَذْيُ، مَاذَا عَلَيْهِ؟ قَالَ عَلِيٌّ: فَإِنَّ عِنْدِي ابْنَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَنَا أَسْتَحْيِي أَنْ أَسْأَلَهُ. قَالَ الْمِقْدَادُ: فَسَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: إِذَا وَجَدَ أَحَدُكُمْ ذَلِكَ فَلْيَنْضَحْ فَرْجَهُ بِالْمَاءِ، وَلْيَتَوَضَّأْ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ». زَادَ أَبُو دَاوُدَ فِي أُخْرَىٰ: «لِيَغْسِلْ ذَكَرَهُ وَأُنْثَيَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Мәлік пен Әбу Дәуіттің нұсқасында Миқдад былай дейді: «Әли (р.а.) маған әйеліне жақындағанда мәзи шыққан адамның не істеуі керегін Алла елшісінен (с.а.с.) сұрауды тапсырды. Ол: “Алла елшісінің (с.а.с.) қызы менің жұбайым, сондықтан өзінен сұрауға ұяламын”, – деді».

Миқдад сөзін жалғастырды: «Бұл жайды Алла елшісінен (с.а.с.) сұрадым. Ол: “Кімде осылай болса, жыныс мүшесін сумен жуып, намазға алатындай дәрет алсын”, – деді».

Әбу Дәуіттің өзге риуаятында: «Жыныс мүшесі мен екі аталық безін жусын», – деген қосымша бар.1

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 53. Әбу Дәуіт, «Таһарат» (206–209). Бұхари, «Ғұсыл» (269), Мүслим, «Хайыз» (303), Тирмизи, «Таһарат» (114), мағыналас риуаяттар.
3661
Кутуб ситтә, № 3661 · тараудағы реті: 3

وَلَهُ فِي أُخْرَىٰ قَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «كُنْتُ رَجُلًا مَذَّاءً، فَجَعَلْتُ أَغْتَسِلُ حَتَّىٰ تَشَقَّقَ ظَهْرِي، فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ أَوْ ذُكِرَ لَهُ، فَقَالَ: لَا تَفْعَلْ، إِذَا رَأَيْتَ الْمَذْيَ فَاغْسِلْ ذَكَرَكَ، وَتَوَضَّأْ وُضُوءَكَ لِلصَّلَاةِ، فَإِذَا فَضَخْتَ الْمَاءَ فَاغْتَسِلْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіттің өзге риуаятында Әли (р.а.) былай дейді: «Менен мәзи жиі шығатын. Әр жолы ғұсыл құйына беріп, ақыры арқамның терісі жарылып кетті. Бұл жайды Пайғамбарға (с.а.с.) өзім айттым немесе оған біреу жеткізді. Ол: “Олай істеме. Мәзи көрсең, жыныс мүшеңді жу да, намазға алатындай дәрет ал. Ал мәни атылып шыққанда ғұсыл құйын”, – деді».1

Түсіндірме

1. Әлиге (р.а.) қатысты үш риуаят та мәзидің ғұсылды қажет етпейтінін көрсетеді.

2. Мәзи – ер адамның жыныс мүшесінен еріксіз бөлінетін түссіз, жабысқақ сұйықтық. Оның мәниден айырмасы бар. Мәни шәһуатпен атылып шықса, мәзи жай ағады.

3. Алла елшісі (с.а.с.) мәзи шыққанда ғұсыл құйыну қажет еместігін, тек тиген жерін жуу керектігін білдірген.

4. Әбу Дәуіттің риуаятындағы екі аталық безді жуу бұйрығын Хаттаби былай түсіндіреді: «Алла елшісі (с.а.с.) мұны тазалықты толықтыру үшін бұйырған. Мәзи жайылып, сол жерге де тиюі мүмкін». Бұған қоса суық су мәзидің ағуын тоқтататындықтан, сол жерді жуу бұйырылған деген түсіндірме бар.

Әбу Дәуітте Сәһл ибн Хунәйфтен жеткен риуаят бар. Ол киіміне мәзи тисе, не істеу керегін сұрағанда, Алла елшісі (с.а.с.): «Бір уыс су алып, мәзи тиген жерге сеп. Сол жеткілікті», – деген.

Киімге тиген мәзиге қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі. Шафиғи мен Исхақ жуғаннан кейін ғана тазарады десе, Ахмад ибн Ханбал су себуді жеткілікті санаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (206).
3662
Кутуб ситтә, № 3662 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Сәһл ибн Хунәйф

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ حُنَيْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ أَلْقَى مِنَ الْمَذْيِ شِدَّةً وَعَنَاءً، وَكُنْتُ أَكْثِرُ مِنْهُ الِاغْتِسَالَ، فَسَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: إِنَّمَا يُجْزِئُكَ مِنْ ذَلِكَ الْوُضُوءُ، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ: فَكَيْفَ بِمَا يُصِيبُ الثَّوْبَ مِنْهُ؟ فَقَالَ: يَكْفِيكَ بِأَنْ تَأْخُذَ كَفًّا مِنْ مَاءٍ فَتَنْضَحَ بِهَا مِنْ ثَوْبِكَ حَيْثُ تَرَىٰ أَنَّهُ أَصَابَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Хунәйф (р.а.) былай дейді: «Мәзидің ағуынан қатты қиналып, жиі ғұсыл құйынатынмын. Ақыры Алла елшісінен (с.а.с.) осыны сұрадым. Ол: “Мәзи үшін дәрет алсаң жеткілікті”, – деді. Мен: “Уа, Алланың елшісі, киімге тигенін қайтемін?” – деп сұрадым. Ол: “Бір уыс су алып, мәзи тиді деп ойлаған жерге сепсең, жеткілікті”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл мәселеге алдыңғы хадисте кеңінен тоқталдық. Фиқһ ғалымдары зәрді, нәжісті, мәниді, зәрден кейін бөлінетін уәдиді, ерлі-зайыпты жақындасқанда бөлінетін мәзиді, ауыз толы құсықты, денеден аққан қанды, сондай-ақ етеккір, нифас және истихаза қанын ауыр нәжіске жатқызған. Бұлардан тазармай намаз оқылмайды. Шафиғилер мен ханбалилер мәниді таза деп санаған.

Ауыр нәжіс қатты болса, бір мысқалдан (жиырма қираттан) асқан мөлшері, сұйық болса, алақан көлемінен асқан мөлшері, оны кетіру мүмкін болған жағдайда, намаздың дұрыстығына кедергі. Бір мысқал бір жарым дирхамға, яғни шамамен 4,6 грамға тең. Бір дирхам шамамен 3,09 грамм. Аталған мөлшерден аспаса, кешірімді нәжіс саналып, намаздың дұрыстығына кедергі болмайды.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (210). Тирмизи, «Таһарат» (115). Ибн Мәжа, «Таһарат» (506).
3663
Кутуб ситтә, № 3663 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَعْدٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَمَّا يُوجِبُ الْغُسْلَ، وَعَنِ الْمَاءِ يَكُونُ بَعْدَ الْمَاءِ، فَقَالَ: ذَاكَ الْمَذْيُ، وَكُلُّ فَحْلٍ يُمْذِي، فَتَغْسِلُ مِنْ ذَلِكَ فَرْجَكَ وَأُنْثَيَيْكَ، وَتَوَضَّأْ وُضُوءَكَ لِلصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сағд әл-Ансари (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.) ғұсылды міндеттейтін жағдайларды және судан кейін бөлінетін сұйықтық туралы сұрадым. Ол: “Ол – мәзи. Әр ер адамнан мәзи бөлінеді. Мәзи шықса, жыныс мүшең мен екі аталық безіңді жу, содан соң намазға алатындай дәрет ал”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (211).
3664
Кутуб ситтә, № 3664 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Омар

وَعَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنِّي لَأَجِدُهُ يَتَحَدَّرُ مِنِّي مِثْلَ الْحَرِيرَةِ، فَإِذَا وَجَدَ أَحَدُكُمْ ذَلِكَ فَلْيَغْسِلْ ذَكَرَهُ وَلْيَتَوَضَّأْ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ. يَعْنِي الْمَذْيَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай дейді: «Мен де оның жібек жібіндей шұбатылып шыққанын байқайтынмын. Қайсыбірің соны көрсеңдер, жыныс мүшелеріңді жуып, намазға алатындай дәрет алыңдар». Мұнда мәзи меңзелген.1

3. Құсу

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 54 (1/41).