Хадис

Кутуб ситтә, № 3645

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
490. Дәретке жұмсалатын судың мөлшері
Нөмірі
№ 3645 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
3645
Кутуб ситтә, № 3645 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

وَعَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ لِلْوُضُوءِ شَيْطَانًا يُقَالَ لَهُ الْوَلْهَانُ فَاتَّقُوا وَسْوَاسَ الْمَاءِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Дәретте уәсуәс салатын шайтан бар. Оны Уәлһан дейді. Суға қатысты уәсуәстан сақтаныңдар”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) дәрет алғанда уәсуәс пен алаңғасарлыққа жол бермеуге үндейді. Ойы басқа жақта жүрген кісі дәрет мүшелеріне суды толық тигізбей қалуы, неше рет жуғанынан жаңылуы немесе кейбір мүшесін жууды ұмытуы мүмкін. Хадис осы селқостықтан сақтануға шақырады. Дәретті намаз басталмай тұрып алған жөн. Кей адам намаз басталып кеткенде ғана асығыс дәрет алып, жамағатқа үлгеруге тырысады. Асыққан кісі судың қайда шашырағанына да қарамайды. Содан су ысырап болып, айнала былғанады. Аяғын құрғатпай аяқ киім киген адамның аяғынан суық өтіп, сырқаттанып қалуы мүмкін.

Бұл олқылықтарды «су шайтаны» деген атаумен бейнелеудегі мақсат дәреттің маңызын аңғарту болса керек. Мұндай іске селқос қарауға болмайды.

2. Ғалымдар бұл хадисті дәретте суды ысырап етпеуге де дәлел ретінде келтіреді.

Ислам ғалымдары өзен жағасында дәрет алса да, суды ысырап етпеу керек дегенге бірауыздан келіскен.

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (57).