وَعَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَوَضَّأَ ثَلَاثًا ثَلَاثًا، وَقَالَ: هَذَا وُضُوئِي وَوُضُوءُ الْأَنْبِيَاءِ مِنْ قَبْلِي، وَوُضُوءُ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ». أَخْرَجَهُمَا رَزِينٌ.
Қазақша аудармасы
Осман (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) дәрет мүшелерін үш реттен жуып: “Бұл – менің дәретім, маған дейінгі пайғамбарлардың және Ибраһимнің (а.с.) дәреті”, – деді».1
Түсіндірме
Бұл үш риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) әр жолы дәрет мүшелерін бір, екі не үш реттен жуғаны айтылады. Кей риуаяттарда бір мүшені бір рет, екіншісін екі рет, үшіншісін бір рет жуғаны да баяндалған.
- 1Рәзиннің қосымшалары. Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», № 3613–3614. Бұхари, «Дәрет» (158–159), екі және үш рет жуу туралы риуаяттар.