Хадис

Кутуб ситтә, № 3586

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
482. Дәрет. Дәреттің артықшылықтары
Нөмірі
№ 3586 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 9
3586
Кутуб ситтә, № 3586 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَنْ تَوَضَّأَ عَلَى طُهْرٍ كَتَبَ اللَّهُ لَهُ بِهِ عَشْرَ حَسَنَاتٍ». أَخْرَجَهُ التَّرْمِذِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім дәреті бола тұра қайта дәрет алса, Алла оған он сауап жазады”, – деді».1

Түсіндірме

Мұнда дәреті бола тұра оны жаңарту айтылған. Осылайша Алла елшісі үнемі дәретпен жүруге ынталандырған.

Он сауап дегеніміз – дәрет алудың сауабының он есесі. Алла Құранда әр жақсылықтың он есе еселенетінін сүйіншілеген: مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا «Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады» («Әнғам», 160)2. Он есе – ең төменгі мөлшер. Құранда сауаптың жеті жүз, отыз мың есе, тіпті есепсіз еселенетіні де айтылған.

Дәретті жаңарту ысырап болмауы үшін алдыңғы дәретпен бір намаз оқыған немесе отырған жерін ауыстырған абзал. Олай болмаса, дәрет үстіне дәрет алу ысырап саналып, мәкрүһ делінген. Оны «нұр үстіне нұр» деп сипаттайтын риуаяттың мәрфуғ емес, яғни Алла елшісінің өз сөзі емес екені айтылған.

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (59).
  2. 2«Әнғам» сүресі, 160-аят.