Хадис

Кутуб ситтә, № 401

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
48. № 391–401 хадистер
Нөмірі
№ 401 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
401
Кутуб ситтә, № 401 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «اَلْجَالِبُ مَرْزُوقٌ، وَالْمُحْتَكِرُ مَحْرُومٌ، ومَنِ احْتَكَرَ عَلَى الْمُسْلِمِينَ طَعَامًا ضَرَبَهُ اللَّهُ تَعَالَى بِالْإِفْلَاسِ وَالْجُذَامِ». أَخْرَجَ هَذِهِ الْأَحَادِيثَ الْخَمْسَةَ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) былай деген: «Базарға тауар әкелген кісі ризыққа кенеледі, азық-түлікті сатпай ұстаған кісі одан мақұрым қалады. Кім мұсылмандарға азық-түлікті сатпай ұстаса, Алла оны банкроттық пен алапеске ұшыратады».1

  1. 1Ибн Мәжа, Тижарат: 6 (2153, 2155). Ибн Мәжаның бұл екі риуаяты Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен. №2153 риуаятта азық-түлікті сатпай ұстаған кісі лағынетке ұшырайтыны, №2155 риуаятта банкроттық пен алапеске душар болатыны айтылған. Бұл соңғы бес риуаятты имам Рәзин тахриж жасаған.