Хадис

Кутуб ситтә, № 3520

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
477. Етеккір қаны
Нөмірі
№ 3520 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3520
Кутуб ситтә, № 3520 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَتْ: «جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَتْ: إِحْدَانَا يُصِيبُ ثَوْبَهَا مِنْ دَمِ الْحَيْضَةِ، كَيْفَ تَصْنَعُ بِهِ؟ قَالَ: تَحُتُّهُ، ثُمَّ تَقْرُصُهُ بِالْمَاءِ، ثُمَّ تَنْضَحُهُ، ثُمَّ تُصَلِّي فِيهِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай дейді: «Бір әйел Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Біріміздің киімімізге етеккір қаны тисе, не істейміз?” – деп сұрады. Ол: “Әуелі қырып түсіреді, содан кейін қан тиген тұсты сумен ысқылайды. Үстіне су құйып шайған соң, сол киіммен намаз оқиды”, – деп жауап берді».1

  1. 1Бұхари, «Хайыз», 9 (307), «Дәрет», 63 (227). Мүслим, «Таһарат», 110 (291). Мәлик, «Муатта», «Таһарат», 103 (1/60–61). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 132 (360–362). Тирмизи, «Таһарат», 104 (138). Нәсәи, «Таһарат», 185 (1/155).