Хадис

Кутуб ситтә, № 3503

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
474. Ислам және тазалық
Нөмірі
№ 3503 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
3503
Кутуб ситтә, № 3503 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كُنْتُ أَغْتَسِلُ أَنَا وَالنَّبِيُّ ﷺ مِنْ إِنَاءٍ وَاحِدٍ تَخْتَلِفُ أَيْدِينَا فِيهِ مِنَ الْجَنَابَةِ». وَفِي رِوَايَةٍ: «مِنْ قَدَحٍ يُقَالُ لَهُ الْفَرَقُ». قَالَ سُفْيَانُ: «وَالْفَرَقُ ثَلَاثَةُ آصُعٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) екеуміз жүніптіктен арылу үшін бір ыдыстан қолымызбен кезектесіп су алып жуынатынбыз».

Басқа нұсқада «фарақ деп аталатын ыдыстан» делінген.

Суфиян: «Бір фарақ – үш сағ», – дейді1.

«الْفَرَقُ» بِفَتْحِ الرَّاءِ وَسُكُونِهَا: قَدَحٌ يَسَعُ سِتَّةَ عَشَرَ رِطْلًا. «وَالصَّاعُ»: مِكْيَالٌ يَسَعُ أَرْبَعَةَ أَمْدَادٍ. «وَالْمُدُّ»: رِطْلٌ وَثُلُثٌ بِالْعِرَاقِيِّ.

Түсіндірме

1. Хадистің бірнеше нұсқасы бар. Айша (р.а.) бір нұсқада былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) екеуміз бір ыдыстан су алып жуынатынбыз. Бірде ол қолын менен бұрын созып су алатын, бірде мен одан бұрын алатынмын. Мен бұрын алсам, ол: “Маған да қалдыр”, – дейтін. Ол бұрын алса, мен: “Маған да қалдыр”, – дейтінмін».

2. Фарақ – он алты ратл сыятын өлшем ыдысы.

3. Толығырақ № 3500 хадистен қараңыз.

  1. 1Бұхари, «Ғұсыл», 2 (250), 9. Мүслим, «Хайыз», 40, 45 (319–321), үш сағ өлшемі № 319b нұсқада. Әбу Дәуіт, «Таһарат», 39 (77). Нәсәи, «Таһарат», 130, 144–146, 148, «Ғұсыл», 12 (1/203).