وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا أَلْقَاهُ الْبَحْرُ أَوْ جَزَرَ عَنْهُ فَكُلُوهُ، وَمَا مَاتَ فِيهِ وَطَفَا فَلَا تَأْكُلُوهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَرُوِيَ مَوْقُوفًا عَلَى جَابِرٍ قَالَ: «لَا بَأْسَ بِمَا لَفَظَهُ الْبَحْرُ». «جَزَرَ» الْبَحْرُ عَنِ السَّمَكِ بِالْجِيمِ: إِذَا نَقَصَ عَنْهُ وَبَقِيَ عَلَى الْأَرْضِ.
Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Теңіз жағаға шығарып тастаған немесе су тартылғанда құрлықта қалғанын жеңдер. Теңізде өліп, су бетіне қалқып шыққанын жемеңдер». Жәбирдің өз сөзі ретінде жеткен мауқуф нұсқада: «Теңіз жағаға шығарып тастағанын жеудің айыбы жоқ», – делінген1.
«وَلَفَظَ الْبَحْرُ السَّمَكَ» بِفَتْحِ الْفَاءِ: إِذَا أَلْقَاهُ عَلَى جَانِبِهِ.
Түсіндірме
Бұл хадис «Теңіздің өлексесі адал» деген үкімді қуаттайды. Теңіз жағаға шығарып тастаған немесе су тартылғанда қайраңда қалған өлексе адал саналады. Ал жағаға шықпай, су бетінде қалқып жүрген өлексе бұл үкімге кірмейді деген пікір бар. Осыдан ханафи және шафиғи мәзһабтарының үкімдерінде айырмашылық туған. Су бетінде қалқыған өлі балықты жеуге болмайды дегендер осы хадиске сүйенеді. Оны жеуге болады деген пікір Әбу Бәкір мен Әбу Әйюб әл-Ансариден де жеткен. Ибн Әбу Рабах, Мәкһул, Ибраһим ән-Нахағи, Мәлік, Шафиғи мен Әбу Сәур осы пікірді ұстанған.
Жәбир, Ибн Аббас, Жәбир ибн Зәйд, Тауыс және рай иелері су бетінде қалқып жүрген өлі балықты жеуді мәкруһ санаған.
- 1Әбу Дәуіт, «Атғима», 36 (3815). Әбу Дәуіт Жәбирдің өзінен жеткен мауқуф нұсқаны да көрсетіп, Пайғамбарға телінген жеткізу жолдарының бірін әлсіз деп бағалаған.