وَفِي أُخْرَى لَهُ عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ أَعْطَى فِي صَدَاقِ امْرَأَتِهِ مِلْءَ كَفَّيْهِ سَوِيقًا أَوْ تَمْرًا فَقَدْ اسْتَحَلَّ».
Қазақша аудармасы
Әбу Дәуіт Жәбирден (р.а.) жеткізген нұсқада Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім әйеліне мәһірге екі уыс қуырылған ұн немесе құрма берсе, некелі жақындық оған адал болады», – деген.1
- 1Әбу Дәуіт, «Никах», №2110. Бұл жинақта «екі уыс» делінген. Ибраһим Жанан басылымында «бір уыс» деп берілген (10-том, 247-бет).