Хадис

Кутуб ситтә, № 3403

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
459. Науқастың көңілін сұрау
Нөмірі
№ 3403 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
3403
Кутуб ситтә, № 3403 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ عَادَ مَرِيضًا أَوْ زَارَ أَخًا لَهُ فِي اللَّهِ تَعَالَى نَادَاهُ مُنَادٍ: أَنْ طِبْتَ وَطَابَ مَمْشَاكَ وَتَبَوَّأْتَ مِنَ الْجَنَّةِ مَنْزِلًا. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Кімде-кім науқастың көңілін сұраса немесе Алла разылығы үшін бауырына барса, бір жаршы оған “Өзің де игілікке кенел, жүрісің де қайырлы болсын. Жәннаттан өзіңе бір мекен әзірледің” дейді».1

«تَبَوَّأْتَ» أَيْ اتَّخَذْتَ.

  1. 1Тирмизи, «Бирр», 67 (2008).