وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَجُلًا اطَّلَعَ مِنْ بَعْضِ حُجْرِ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَامَ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ بِمِشْقَصٍ، فَكَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَيْهِ يَخْتِلُ الرَّجُلَ لِيَطْعُنَهُ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) айтады: «Бір кісі Алла Елшісінің (с.а.с.) бөлмелерінің біріне сырттан қарады. Алла Елшісі (с.а.с.) жебе алып, оған қарай жүрді. Жебені сұғу үшін білдіртпей жақындағаны әлі көз алдымда»1.
- 1Бұхари, «Дият», 23-тарау, «Истизан», 11-тарау; Мүслим, «Әдеп», №2157; Әбу Дәуіт, «Әдеп», №5171; Тирмизи, «Истизан», №2708; Нәсәи, «Қасама», 44-тарау (7-том, 60-бет).