وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دَخَلَ الْبَصَرُ فَلَا إِذْنَ». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «إِنَّمَا الِاسْتِئْذَانُ مِنَ النَّظَرِ».
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Көз ішке түсіп қойған соң, рұқсат сұраудың мәні қалмайды”, – деді». Бір нұсқада «Рұқсат сұрау көз түспесін деп бұйырылған» деген қосымша бар1.
Түсіндірме
Бұл риуаят өзгенің үйіне рұқсатсыз қараудан сақтандырады. Рұқсаттың мақсаты – үй иесінің оңашалығын сақтау. Көз ішке түсіп қойғаннан кейін сұралған рұқсат болған істі өзгерте алмайды. Үйге рұқсатсыз кіруге де, ішіне рұқсатсыз қарауға да тыйым салынған.
Кирмани бұл хадисті былай түсіндіреді: «Дініміз үй иелерінің әурет жерлері көрініп қалмауы және олардың оңаша қалпына бөгде адам куә болмауы үшін кірерде рұқсат сұрауды белгілеген».
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 136-тарау, №5173. Қосымша сөздің өзге нұсқасы: Бұхари, «Истизан», №6241.