وَعَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةِ تَبُوكَ وَهُوَ فِي قُبَّةٍ مِنْ أَدَمٍ، فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ فَرَدَّ عَلَيَّ وَقَالَ: ادْخُلْ. قُلْتُ: أَكُلِّي يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: كُلُّكَ. فَدَخَلْتُ». قَالَ: «إِنَّمَا قَالَ ذَلِكَ مِنْ صِغَرِ الْقُبَّةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Ауф ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Тәбук жорығында Алла Елшісіне (с.а.с.) бардым. Ол теріден тігілген шатырда екен. Сәлем бердім. Сәлемімді алып: “Кір”, – деді. “Түгел кірейін бе, уа, Алла Елшісі?” – деп сұрадым. “Түгел кір”, – деді. Сөйтіп, кірдім».
Риуаятшы оның «Түгел кірейін бе?» деп сұрауын шатырдың тарлығымен түсіндіреді1.
Түсіндірме
Әбу Дәуіт бұл хадисті әзіл туралы тарауға енгізген. Ғалымдардың айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) кейде қалжыңдаған, сахабалар да онымен әзілдескен. Риуаяттың соңында осы қалжыңға шатырдың тарлығы себеп болғаны айтылады.
Соңғы сөйлем мұнда хадистің жалғасы ретінде берілген. Әбу Дәуітте ол өзге жеткізу жолымен келген келесі риуаятта айтылады.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 92-тарау, №5000–5001. Тәбук жорығындағы кездесудің өзге нұсқалары: Бұхари, «Жизия», 15-тарау; Ибн Мәжа, «Фитән», №4042.