وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَحِلُّ لِرَجُلٍ أَنْ يَجْلِسَ بَيْنَ اثْنَيْنِ إِلَّا بِإِذْنِهِمَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ، وَالتِّرْمِذِيُّ، وَعِنْدَهُ: «أَنْ يُفَرِّقَ بَيْنَ اثْنَيْنِ».
Амр ибн Шұғайып әкесі арқылы атасынан (р.а.) жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Екі кісінің рұқсатынсыз екеуінің ортасына отыруға болмайды”, – деді». Тирмизи нұсқасында: «Екі кісінің рұқсатынсыз олардың арасын ашып отыруға болмайды», – делінген1.
Түсіндірме
Қатар отырған екі адам өзара оңаша сөз қозғап отырған болуы мүмкін. Араларына рұқсатсыз кіріп отырған кісі олардың әңгімесін бөліп, жайсыздық туғызады. Алла Елшісі (с.а.с.) осы әрекетке тыйым салған.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 24 (4844, 4845). Тирмизи, «Әдеп», 11 (2753). Тирмизи нұсқасында: «Рұқсаттарынсыз екі кісінің арасын ашуға болмайды», – делінген.