وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَفْرَكْ مُؤْمِنٌ مُؤْمِنَةً إِنْ كَرِهَ مِنْهَا خُلُقًا رَضِيَ مِنْهَا آخَرَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмесін. Бір мінезін ұнатпаса, басқа бір мінезіне разы болар», – деген1.
Түсіндірме
Нәуәуи хадисті ер адамның әйеліне түгелдей теріс қарап кетуіне тыйым деп түсіндірген. Жұбайының көңіліне қонбайтын қылығы болғанымен, оның имандылығы, көркем мінезі, мейірімі немесе өзге бір жақсы қасиеті де болуы мүмкін. Сол қасиеттерді ескерсе, ерлі-зайыптының татулығы сақталады.
- 1Мүслим, «Радағ», 61 (1469). Жанан жинағында Жәбир деп көрсетілген. Мүслимдегі нұсқаны Әбу Һурайра жеткізген.