وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ وَذَكَرَ الصَّدَقَةَ وَالتَّعَفُّفَ عَنِ الْمَسْئَلَةِ، الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَالْعُلْيَا هِيَ الْمُنْفِقَةُ، وَالسُّفْلَى هِيَ السَّائِلَةُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) мінберде садақа беру мен тіленуден бой тарту туралы сөз қозғап: “Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы. Жоғарғы қол – берушінің, төменгі қол – сұраушының қолы”, – деді»1.
Түсіндірме
Алла Елшісі (с.а.с.) мұнда жомарт болуға үндеп, тіленуден бой тартуға шақырады. Садақа берушіні «жоғарғы қол», сұраушыны «төменгі қол» деп бейнелеген.
«Жоғарғы қол – берушінің, төменгі қол – сұраушының қолы» деген соңғы түсіндірмені Ибн Омардың өзі айтқан деген нұсқа да жеткен.
- 1Бұхари, «Зекет», 18-тарау (№1429). Мүслим, «Зекет», 94-тарау (№1033). Мәлик, «Муатта», «Садақа», 8-тарау (2/998). Әбу Дәуіт, «Зекет», 28-тарау (№1648). Нәсәи, «Зекет», 52-тарау (5/61).