وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: بَادِرُوا بِالصَّدَقَةِ فَإِنَّ الْبَلَاءَ لَا يَتَخَطَّاهَا». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.
Қазақша аудармасы
Әлиден (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) «Садақа беруге асығыңдар. Бәле садақадан асып өте алмайды» деген сөзі келтіріледі1.
Түсіндірме
Мұндағы ойды жарысқан екі аттың мысалымен түсіндіруге болады. Садақа мен бәле қатар шапса, бәле садақадан оза алмайды. Түсіндірмеде адамның бәле келмей тұрып берген садақасы одан қалқан болатыны айтылады.
- 1Разин келтірген. Суюти, «Әл-Жамиғ әс-сағир», Мунауидің «Фәйз әл-қадир» түсіндірмесімен, 3/195. Бұл риуаят «Мишкат әл-масабихта» да Разинге телініп берілген (№1887). Әл-Албани риуаятты әлсіз деп бағалаған.