Хадис

Кутуб ситтә, № 362

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
44. Мал және соған ұқсас айырбас түрлері
Нөмірі
№ 362 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 13
362
Кутуб ситтә, № 362 · тараудағы реті: 13

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ أَسْلَمَ قَالَ: «كَانَ الرِّبَا الَّذِي أَذِنَ اللَّهُ فِيهِ بِالْحَرْبِ لِمَنْ لَمْ يَتْرُكْهُ عِنْدَ الْجَاهِلِيَّةِ عَلَى وَجْهَيْنِ: كَانَ يَكُونُ لِلرَّجُلِ عَلَى رَجُلٍ حَقٌّ إِلَى أَجَلٍ، فَإِذَا حَلَّ الْأَجَلُ قَالَ صَاحِبُ الْحَقِّ: “أَتَقْضِي أَمْ تُرْبِي؟”. فَإِنْ قَضَاهُ أَخَذَ مِنْهُ، وَإِلَّا طَوَاهُ إِنْ كَانَ مِمَّا يُكَالُ أَوْ يُوزَنُ أَوْ يُذْرَعُ أَوْ يُعَدُّ، وَإِنْ كَانَ سِنًّا رَفَعَهُ إِلَى الَّذِي فَوْقَهُ وَأَخَّرَهُ عَنْهُ إِلَى أَجَلٍ أَبْعَدَ مِنْهُ. فَلَمَّا جَاءَ الْإِسْلَامُ أَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: {يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَذَرُوا مَا بَقِيَ مِنَ الرِّبَا إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ ۝ فَإِنْ لَمْ تَفْعَلُوا فَأْذَنُوا بِحَرْبٍ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ وَإِنْ تُبْتُمْ فَلَكُمْ رُءُوسُ أَمْوَالِكُمْ لَا تَظْلِمُونَ وَلَا تُظْلَمُونَ}». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Әсләм былай дейді: «Алла Тағала одан бас тартпағандарға қарсы соғыс жарияланатынын ескерткен риба жаһилия дәуірінде екі түрлі еді.

1. Бір кісінің екінші кісіде мерзімі белгіленген алашағы болса, мерзімі жеткенде: “Қарызыңды өтейсің бе, әлде үстеме қосасың ба?” – дейтін. Борышкер қарызын өтесе, несие беруші тиесілісін алатын. Ал өтемесе, көлемі өлшенетін, таразыға тартылатын, ұзындығы өлшенетін немесе даналап саналатын тауардың мөлшерін еселейтін.

2. Қарызға берілген мал жасына қарай бағаланса, несие беруші одан бір жас үлкен мал талап етіп, төлем мерзімін ұзарта түсетін. Ислам келгенде, Алла Тағала мына аяттарды түсірді: “Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар. Егер мүмін болсаңдар, өсімнен қалған алашақтарыңнан бас тартыңдар. Олай етпесеңдер, Алла мен Оның елшісі тарапынан соғыс жарияланғанын біліңдер. Ал тәубе етсеңдер, бастапқы қаражаттарың өздеріңе тиесілі. Сонда қиянат жасамайсыңдар әрі қиянатқа ұшырамайсыңдар”»1 2.

  1. 1«Бақара» сүресі, 278–279-аяттар.
  2. 2Бұл риуаятты Разин келтірген. Зәйд ибн Әсләм сөзінің қысқаша нұсқасы Мәликтің «Муаттасында» берілген («Буюғ», арабша нөмірі 1371).