وَعَنْ صِلَةَ بْنِ زُفَرَ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ عَمَّارٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي الْيَوْمِ الَّذِي يُشَكُّ فِيهِ مِنْ شَعْبَانَ أَوْ رَمَضَانَ، فَأُتِينَا بِشَاةٍ مَصْلِيَّةٍ، فَتَنَحَّى بَعْضُ الْقَوْمِ، فَقَالَ: إِنِّي صَائِمٌ. فَقَالَ عَمَّارٌ: «مَنْ صَامَ هَذَا الْيَوْمَ فَقَدْ عَصَى أَبَا الْقَاسِمِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ وَصَحَّحَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Сыла ибн Зуфар былай дейді: «Шағбанның соңғы күні ме, рамазанның алғашқы күні ме деп күмәнданған күні Аммардың (р.а.) қасында едік. Алдымызға қақтап пісірілген қой әкелінді. Отырғандардың бірі: “Менің аузым берік”, – деп шегінді. Аммар: “Кім осы күні ораза ұстаса, Әбу әл-Қасымға қарсы шыққан болады”, – деді».1
Түсіндірме
1. Бұхари бұл хадисті мұғаллақ түрде келтірген.
2. Жоғарыда айтылғандай, ғалымдар күмәнді күні ораза ұстауды харам санаған. Ибн Хажар осы үкімді шығару жолын түсіндіріп, ғалымдардың мына пікірін келтіреді: «Сахабалар мұндай үкімді өздігінен айтпайды. Үкім Алла елшісінен жеткен болуы керек». Демек, риуаят сөзі жағынан мауқуф, үкімі жағынан марфуғ.
- 1Әбу Дәуіт, «Саум», 10 (№ 2334). Тирмизи, «Саум», 3, (686). Нәсәи, «Саум», 37, (4, 153). Ибн Мәжа, «Сиям», 3 (№ 1645).