عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَحَرَّى صِيَامَ يَوْمِ الِاثْنَيْنِ وَالْخَمِيسِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ. «التَّحَرِّي»: التَّقَصُّدُ.
Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі дүйсенбі мен бейсенбіде ораза ұстауға ерекше ден қоятын», – дейді.1
Түсіндірме
Хадис Алла елшісінің аптаның осы екі күнінде ораза ұстауға әдейі ұмтылғанын көрсетеді. Түпнұсқадағы «тахарри» сөзі жақсырақ нәрсені іздеу, соған бет алу, ниеттену деген мағыналарда қолданылады. Кей ғалымдар бұл сөздің сауапты ынтамен іздеуді де білдіретінін айтқан. Осы мазмұнда Хафса, Әбу Қатада және Усама ибн Зәйдтен де риуаяттар жеткен.
- 1Тирмизи, «Саум», 44, (745). Нәсәи, «Саум», 70, (4, 202, 203). Ибн Мәжа, «Сиям», 42 (№ 1739).