وَعَنْ أَبِي عَيَّاشٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَاسْمُهُ زَيْدٌ، أَنَّهُ سَأَلَ سَعْدَ بْنَ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ الْبَيْضَاءِ بِالسُّلْتِ. فَقَالَ لَهُ سَعْدٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَيُّهُمَا أَفْضَلُ؟» فَقَالَ: «الْبَيْضَاءُ». فَنَهَاهُ عَنْ ذَلِكَ، وَقَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُسْأَلُ عَنِ اشْتِرَاءِ التَّمْرِ بِالرُّطَبِ، فَقَالَ لِمَنْ حَوْلَهُ: أَيَنْقُصُ الرُّطَبُ إِذَا يَبِسَ؟ قَالُوا: نَعَمْ. فَنَهَى عَنْ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ، وَقَالَ التِّرْمِذِيُّ: حَسَنٌ صَحِيحٌ.
Әбу Аййаш атанған Зәйд Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а.) ақ бидайды қабықсыз арпаға айырбастаудың үкімін сұрайды. Сағд «Қайсысы құндырақ?» дейді. Зәйд «Ақ бидай» деп жауап береді. Сонда Сағд оны мұндай айырбастан тыйып, былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.) кепкен құрманы жаңа піскен құрмаға айырбастап алу жайында сұралғанын естідім. Ол қасындағылардан “Жаңа піскен құрма кепкенде мөлшері кеми ме?” деп сұрады. Олар “Иә” дегенде, Алла елшісі (с.а.с.) мұндай айырбасқа тыйым салды»1.
Түсіндірме
Автор осы риуаятқа сүйеніп, жаңа піскен құрманы кепкен құрмаға, сол сияқты құны әртүрлі бидай мен арпаны бір-біріне тікелей айырбастауға болмайтынын айтады. Оның түсіндіруінше, мөлшері тең болса да, әртүрлі болса да, қолма-қол не кейін өтеу шартымен жасалса да, бұл айырбасқа рұқсат етілмейді. Мұндайда бірін ақшаға сатып, сол ақшаға екіншісін алуды ұсынады. Әбу Ханифа құрмаға қатысты тыйымды кейін өтелетін айырбасқа жатқызып, көлемі тең болса, жаңа піскен құрманы кепкен құрмаға қолма-қол айырбастауға рұқсат берген.
- 1Тирмизи, «Сауда-саттық», №1225. Әбу Дәуіт, «Сауда-саттық», №3359. Мәлик, «Муатта», 2/624, №1315. Нәсәи, «Сауда-саттық», №4545–4546. Ибн Мәжа, «Сауда-саттық», №2264.