Хадис

Кутуб ситтә, № 337

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
43. Рибаға қатысты үкімдер
Нөмірі
№ 337 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
337
Кутуб ситтә, № 337 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Фадала ибн Убәйд

وَعَنْ فَضَالَةَ بْنِ عُبَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُتِيَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ بِخَيْبَرَ بِقِلَادَةٍ فِيهَا خَرَزٌ وَذَهَبٌ، وَهِيَ مِنَ الْمَغَانِمِ تُبَاعُ، فَأَمَرَ بِالذَّهَبِ الَّذِي فِي الْقِلَادَةِ فَنُزِعَ وَحْدَهُ، وَقَالَ: الذَّهَبُ بِالذَّهَبِ وَزْنًا بِوَزْنٍ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ بِأَلْفَاظٍ مُخْتَلِفَةٍ. وَفِي أُخْرَى: «لَا تُبَاعُ حَتَّى تُفَصَّلَ».

Қазақша аудармасы

Фадала ибн Убәйд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) Хайбарда алтын мен моншақтан жасалған алқа әкелінді. Ол сатуға қойылған соғыс олжасының бірі еді. Алла елшісі (с.а.с.) алтынды алқаның өзге бөлігінен ажыратуды бұйырды. Алтынын бөліп алған соң, “Алтын алтынға тең салмақпен сатылсын”, – деді». Тағы бір нұсқада «Алтын мен моншағы ажыратылмайынша, алқа сатылмасын» делінген1.

Түсіндірме

Мұнда алтын мен өзге заттан құралған бұйымды алтынға сату сөз болып отыр. Имам Шафиғи мен Ахмад ибн Ханбалдың пікірінше, төленетін алтын бұйым құрамындағы алтыннан артық та, кем де болса, сауда жарамсыз. Әбу Ханифа бұйымға төленетін алтын оның құрамындағы алтыннан артық болса, саудаға рұқсат берген. Төленетін алтын құрамындағы алтынмен тең немесе одан кем болса, мұндай саудаға рұқсат етілмейді. Имам Мәликтен жеткен бір пікірде алтынмен не күміспен әшекейленген бұйымды сол металға қолма-қол сату үшін әшекейдің үлесі бұйымның үштен бірінен аспауы керек делінген.

  1. 1Мүслим, «Мусақат» (№1591a–b). Тирмизи, «Сауда» (№1255). Әбу Дәуіт, «Сауда» (№3351–3353). Нәсәи, «Сауда» (№4573).