وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ: «الدِّينَارُ بِالدِّينَارِ وَالدِّرْهَمُ بِالدِّرْهَمِ مِثْلًا بِمِثْلٍ، مَنْ زَادَ أَوِ ازْدَادَ فَقَدْ أَرْبَى». وَقَالَ رَاوِيهِ: «فَقُلْتُ لَهُ: إِنَّ ابْنَ عَبَّاسٍ يَقُولُ غَيْرَ هَذَا. فَقَالَ: لَقَدْ لَقِيتُ ابْنَ عَبَّاسٍ فَقُلْتُ: أَرَأَيْتَ هَذَا الَّذِي تَقُولُ، أَشَيْءٌ سَمِعْتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَوْ وَجَدْتَهُ فِي كِتَابِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ؟ فَقَالَ: لَمْ أَسْمَعْهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَلَمْ أَجِدْهُ فِي كِتَابِ اللَّهِ، وَلَكِنْ حَدَّثَنِي أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: “الرِّبَا فِي النَّسِيئَةِ”». وَفِي رِوَايَةٍ لِلْبُخَارِيِّ: «لَا رِبًا إِلَّا فِي النَّسِيئَةِ».
Мүслім жеткізген риуаятта Әбу Сағид (р.а.) былай деген: «Динар динарға, дирхам дирхамға тең мөлшерде ғана айырбасталады. Артық берген де, артық алған да рибаға кіреді».
Риуаятты жеткізуші: «Мен Әбу Сағидке “Ибн Аббас бұдан басқаша айтады” дедім. Ол “Ибн Аббаспен жолығып, ‘Бұл сөзіңді Алла елшісінен (с.а.с.) естідің бе, әлде Алланың кітабынан таптың ба?’ деп сұрадым. Ол бұл сөзді Алла елшісінен естімегенін әрі Алланың кітабынан таппағанын айтты. Усама ибн Зәйдтің Алла елшісінен (с.а.с.) ‘Риба төлемді кейінге қалдырғанда болады’ деген сөзді жеткізгенін түсіндірді” деді». Бұхаридегі нұсқада «Риба тек төлемді кейінге қалдырғанда болады» делінген1.
Түсіндірме
Хадистің сахих екені жөнінде ғалымдар ортақ пікірде. Шарх авторы Усама (р.а.) жеткізген «Риба тек төлемді кейінге қалдырғанда болады» деген сөздің үкімі кейін жойылған деп түсіндіреді. Яғни бұл хадиске сүйеніп, рибаны төлемді кейінге қалдырумен ғана шектеуге болмайды. Бұхаридегі нұсқада Ибн Аббас (р.а.) Әбу Сағидке «Сендер Алла елшісін (с.а.с.) менен жақсырақ білесіңдер» дейді. Алла елшісінің (с.а.с.) көзі тірісінде Ибн Аббастың жасы кіші болған.
- 1Мүслим, «Мусақат», №1596. Бұхари, «Буюғ», №2178–2179.