Хадис

Кутуб ситтә, № 3142

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
423. Сүю және құшақтау
Нөмірі
№ 3142 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
3142
Кутуб ситтә, № 3142 · тараудағы реті: 2

وَفِي أُخْرَى: «وَيُبَاشِرُ وَهُوَ صَائِمٌ، وَكَانَ أَمْلَكَكُمْ لِإِرْبِهِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. «الْإِرْبُ» بِكَسْرِ الْهَمْزَةِ وَسُكُونِ الرَّاءِ: الذَّكَرُ هُنَا، وَبِفَتْحِهِمَا: الْحَاجَةُ، وَالْمُرَادُ بِهَا هُنَا حَاجَةُ الْجِمَاعِ.

Қазақша аудармасы

Басқа риуаятта былай делінген: «Алла елшісі ораза ұстап жүріп, жұбайымен құшақтасатын. Ол нәпсісін бәріңнен1 де жақсы тізгіндей білетін».

Түсіндірме

Аудармадағы «құшақтасатын» деген сөздің түпнұсқасы – «мубашара». Оның тура мағынасы – бір адамның терісінің екінші адамның терісіне тиюі. Қол ұстасу да осыған жатады. «Ирб» (الْإِرْبُ) сөзі осы жерде ер адамның жыныс мүшесін білдіреді. «Араб» (الْأَرَبُ) түрінде оқылса, «қажет» деген мағына береді. Мұнда жыныстық құштарлық меңзелген. Бұл риуаяттар төменде бірге түсіндіріледі.

  1. 1Бұхари, «Саум», 23–24 (№ 1927–1928). Мүслим, «Сиям», 62–65 (№ 1106). Мәлик, «Муатта», «Сиям», 14 (1/292). Әбу Дәуіт, «Саум», 33 (№ 2382–2386). Тирмизи, «Саум», 31 (№ 727–729).