Хадис

Истисқа (жауын тілеу) намазы

Кутуб ситтә, 7-том, 411-тарау · 3 хадис · № 3054–3056

Хадистер

3054
Кутуб ситтә, № 3054 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَصَابَتِ النَّاسَ سَنَةٌ فَبَيْنَا النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَخْطُبُ يَوْمَ الجُمُعَةِ إِذْ قَامَ أَعْرَابِيٌّ، فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: هَلَكَ الْمَالُ، وَجَاعَ الْعِيَالُ، فَادْعُ اللَّهَ لَنَا، فَرَفَعَ يَدَيْهِ وَمَا نَرَى فِي السَّمَاءِ قَزَعَةً، فَوَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ مَا وَضَعَهُمَا حَتَّى ثَارَ السَّحَابُ أَمْثَالَ الجِبَالِ، ثُمَّ لَمْ يَنْزِلْ مِنْ مِنْبَرِهِ حَتَّى رَأَيْتُ الْمَطَرَ يَتَحَادَرُ عَلَى لِحْيَتِهِ، فَمُطِرْنَا يَوْمَنَا ذَلِكَ وَمِنَ الْغَدِ، وَمِنْ بَعْدِ الْغَدِ، وَالَّذِي يَلِيهِ حَتَّى الْجُمُعَةِ الأُخْرى، فَقَامَ ذَلِكَ الْأَعْرَابِيُّ أَوْ غَيْرُهُ، فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: تَهَدَّمَ الْبِنَاءُ وَغَرِقَ الْمَالُ، فَادْعُ اللَّهَ تَعَالَى لَنَا، فَرَفَعَ يَدَيْهِ وَقَالَ: اللَّهُمَّ حَوَالَيْنَا وَلَا عَلَيْنَا، فَمَا يُشِيرُ بِيَدِهِ إِلَى نَاحِيَةٍ مِنَ السَّحَابِ إِلَّا انْفَرَجَتْ، وَصَارَتِ الْمَدِينَةُ مِثْلَ الْجَوْبَةِ». وَفِي رِوَايَةٍ: «اللَّهُمَّ حَوَالَيْنَا وَلَا عَلَيْنَا اللَّهُمَّ عَلَى الْآكَامِ وَالظِّرَابِ وَبُطُونِ الْأَوْدِيَةِ، وَمَنَابِتِ الشَّجَرِ. قَالَ: فَانْقَلَعَتْ وَخَرَجْنَا نَمْشِي فِي الشَّمْسِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ. «الْقَزَعَةُ» بِالتَّحْرِيكِ: قِطْعَةٌ مِنَ الْغَيْمِ، وَالجَمْعُ قَزَعٌ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) айтты: «Жұрт қуаңшылыққа ұшырады. Алла елшісі (с.а.с.) жұма күні құтба айтып тұрғанда, бір бәдәуи орнынан тұрып: “Уа, Алла елшісі! Мал-мүлкіміз құрыды, бала-шағамыз аш қалды. Біз үшін Аллаға дұға етіңіз!” – деді. Ол екі қолын көтерді. Аспанда шөкімдей бұлт көрінбеген еді. Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, Алла елшісі қолын түсірмей жатып-ақ таудай-таудай бұлттар көтерілді. Мінберден түспей жатып, сақалынан жаңбыр тамшылағанын көрдім. Сол күні де, ертеңіне де, одан кейінгі күндері де жаңбыр жауды. Тіпті келесі жұмаға дейін тоқтамады.

Сол бәдәуи немесе басқа біреу орнынан тұрып: “Уа, Алла елшісі! Үйлеріміз қирады, малымыз суға кетті. Біз үшін Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Ол қолын көтеріп: “Уа, Алла! Жаңбырды үстімізге емес, айналамызға жаудыр”, – деп дұға етті. Қолын бұлттың қай жағына сілтесе, сол жақ ашыла берді. Ақыры Мәдинаның үсті ойылып ашылғандай болды».

Бір риуаятта: «Уа, Алла! Жаңбырды үстімізге емес, айналамызға жаудыр. Уа, Алла! Таулар мен төбелерге, аңғарларға және ағаш өсетін жерлерге жаудыр», – делінеді. Әнәс (р.а.): «Бұлт тарады. Сыртқа шығып, күннің астында жүрдік»1, – деген.

  1. 1Бұхари, «Истисқа», 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 24, «Мәнәқиб», 25, «Жұма», 34, 35, «Әдеп», 68, «Дағуат», 24; Мүслим, «Истисқа», 9 (897); Мәлик, «Муатта», «Истисқа», 3 (1/191); Әбу Дәуіт, «Салат», 260 (1174, 1175); Нәсәи, «Истисқа», 1, 9, 10, 17, 18 (3/154, 155, 158, 166, 165, 177).
3055
Кутуб ситтә, № 3055 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «شُكِيَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قُحُوطُ الْمَطَرِ، فَأَمَرَ بِمِنْبَرٍ فَوُضِعَ لَهُ فِي الْمُصَلَّى، وَوَعَدَ النَّاسَ يَوْمًا يَخْرُجُونَ فِيهِ قَالَتْ: فَخَرَجَ حِينَ بَدَا حَاجِبُ الشَّمْسِ، فَقَعَدَ عَلَى المِنْبَرِ، فَكَبَّرَ وَحَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى، ثُمَّ قَالَ: إِنَّكُمْ شَكَوْتُمْ جَدْبَ دِيَارِكُمْ، وَاسْتِئْخَارَ الْمَطَرِ عَنْ إِبَّانِ زَمَانِهِ عَنْكُمْ، وَقَدْ أَمَرَكُمُ اللَّهُ تَعَالَى أَنْ تَدْعُوهُ، وَوَعَدَكُمْ أَنْ يَسْتَجِيبَ لَكُمْ، ثُمَّ قَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ. لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَفْعَلُ مَا يُرِيدُ. اللَّهُمَّ أَنْتَ اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ الْغَنِيُّ وَنَحْنُ الْفُقَرَاءُ، أَنْزِلْ عَلَيْنَا الْغَيْثَ، وَاجْعَلْ مَا أَنْزَلْتَ لَنَا قُوَّةً وَبَلَاغًا إِلَى حِينَ، ثُمَّ رَفَعَ يَدَيْهِ فَلَمْ يَزَلْ فِي الرَّفْعِ حَتَّى بَدَا بَيَاضُ إِبْطَيْهِ، ثُمَّ حَوَّلَ إِلَى النَّاسِ ظَهْرَهُ، وَحَوَّلَ رِدَاءَهُ، وَهُوَ رَافِعٌ يَدَيْهِ، ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَى النَّاسِ وَنَزَلَ فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ، فَأَنْشَأَ اللَّهُ تَعَالَى سَحَابَةً فَرَعَدَتْ وَبَرَقَتْ، ثُمَّ أَمْطَرَتْ بِإِذْنِ اللَّهِ تَعَالَى، فَلَمْ يَأْتِ مَسْجِدَهُ حَتَّى سَالَتِ السُّيُولُ، فَلَمَّا رَأَى سُرْعَتَهُمْ إِلَى الْكِنِّ ضَحِكَ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ، ثُمَّ قَالَ: أَشْهَدُ أَنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، وَأَنِّي عَبْدُ اللَّهِ وَرَسُولُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) айтты: «Алла елшісіне (с.а.с.) жаңбыр жаумай қойғанын айттық. Ол намаз оқылатын алаңға мінбер орнатуды бұйырып, жұртқа сонда шығатын күн белгіледі».

Айша сөзін жалғады: «Күннің жиегі көріне бергенде, Алла елшісі (с.а.с.) шығып, мінберге отырды. Тәкбір айтып, Аллаға мадақ айтты. Содан кейін: “Елдеріңнің қуаңшылыққа ұшырағанын, жаңбырдың мезгілінде жаумағанын айттыңдар. Алла сендерге Өзіне дұға етуді бұйырды әрі дұғаларыңа жауап беруге уәде етті”, – деді. Артынша былай деді: “الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ‘Бар мадақ пен шүкіршілік әлемдердің Раббысы Аллаға арналады. Ол – Рахман, аса Рақымды, Дін күнінің иесі!’ Алладан басқа құдай жоқ. Ол қалағанын істейді. Уа, Алла! Сен – Алласың. Сенен басқа құдай жоқ. Сен шексіз байсың, біз мұқтажбыз. Үстімізге жаңбыр жаудыр. Түсірген жаңбырыңнан бізге күш-қуат беріп, бір мезгілге жететін несібе ет!” – деді.

Осыны айтқаннан кейін, қолтығының ағы көрінгенше қолын жоғары көтерді. Жұртқа арқасын беріп, қолдарын көтерген күйі сырт киімін теріс аударды. Содан соң қайтадан жұртқа бұрылды. Мінберден түсіп, екі рәкат намаз оқыды. Алла Тағала бұлт жаратты. Күн күркіреп, найзағай жарқылдады. Алланың қалауымен жаңбыр жауды.

Алла елшісі (с.а.с.) мешітіне жетпей жатып, сел жүрді. Жұрттың пана іздеп жүгіргенін көргенде, азу тістері көрінгенше күлді де: “Алланың әр нәрсеге құдіреті жететініне, өзімнің Алланың құлы әрі елшісі екеніме куәлік етемін”, – деді».1

Түсіндірме

1. Бұл хадистер қуаңшылықта имамның жұртты дұғаға шақыруы мұстахаб екенін көрсетеді. Ибн Хиббан осы риуаятта аталған жауын намазы һижраның алтыншы жылында оқылған деген.

2. Екінші хадис истисқа құтбасын айту үшін мінберге шығудың мұстахаб екеніне дәлел.

3. Истисқа намазы қаланың сыртында оқылады.

4. Истисқа намазына Күн шыққан соң бару – мұстахаб. Ибн Аббас Пайғамбардың (с.а.с.) бұл намазды айт намазы оқылатын уақытта оқығанын жеткізген. Фиқһ ғалымдарының оның уақытына қатысты пікірлері әртүрлі. Ибн Хажар: «Таңдаулы пікір бойынша, жауын намазына арнайы уақыт белгіленбеген. Кейбір шарты айт намазына ұқсаса да, белгіленген күні болмағандықтан, одан бөлек қаралады», – дейді. Ибн Қудама бұл намаздың мәкрүһ уақытта оқылмайтынына ғалымдар бірауыздан келіскенін айтқан.

5. Алланың дұға етуді бұйырып, оған жауап беруге уәде еткені «Ғафир» сүресінің 60-аятында айтылған: ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін.»

6. Пайғамбар (с.а.с.) құтбаны бисмилламен емес, Аллаға мадақ айтумен бастаған. Құтбаны мадақтан өзге сөзбен бастағанын көрсететін риуаят жетпеген.

7. Истисқа намазында дұға еткенде қолды жоғары көтеру – мұстахаб.

8. Құтба айтушы сырт киімін теріс аударғанда, құбылаға қарауы керек.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат», 260 (1173).
3056
Кутуб ситтә, № 3056 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَصَابَنَا مَطَرٌ وَنَحْنُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَحَسَرَ ثَوْبَهُ حَتَّى أَصَابَهُ مِنَ الْمَطَرِ، فَقُلْنَا: لِمَ صَنَعْتَ هَذَا؟ قَالَ: لِأَنَّهُ حَدِيثُ عَهْدٍ بِرَبِّهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) айтты: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге жүргенде жаңбыр жауды. Ол жаңбыр денесіне тисін деп киімін ашты. Біз: “Мұны не үшін істедіңіз?” – деп сұрадық. Ол: “Ол Раббысы тарапынан жаңа ғана келді”, – деді».1

Түсіндірме

1. Жаңбырдың Алла тарапынан жаңа келгені оның рақым екенін, Алла оны жаңа ғана жаратқанын және одан береке іздеуге болатынын білдіреді.

2. Жаңбыр суын тәбәрік ниетімен денеге тигізу – мұстахаб. Нәуәуидің пікірінше, әурет жерінен өзге мүшелерді жаңбыр суына тосуға болады. Кейбір ғалымдар осы үкімді қолдаған.

3. Білімді кісі бір іс істесе, басқалар оның себебін біліп, өздері де соған сай амал ету үшін сұрағаны абзал.

4. Жаңбыр суы құдық суынан артық.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 114 (5100); Мүслим, «Истисқа», 13 (898).