وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مِنَ السُّنَّةِ أَنْ تَخْرُجَ إِلَى الْعِيدِ مَاشِيًا، وَأَنْ تَأْكُلَ شَيْئًا قَبْلَ أَنْ تَخْرُجَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Қазақша аудармасы
Әли (р.а.): «Айт намазына жаяу бару және шығар алдында бір нәрсе жеу – сүннет», – деген.1
Түсіндірме
Хадис айт намазына жаяу барудың мұстахаб екенін білдіреді. Бұл хадис әлсіз болғанымен, сол үкімді білдіретін өзге хадистер оны қуаттайды. Намазға дейін ас ішу Ораза айтқа ғана қатысты. Құрбан айтта намаздан қайтқанға дейін ас ішпейтіні алдыңғы хадисте айтылды.
- 1Тирмизи, «Салат», 382 (530); Ибн Мәжа, «Иқамат», 161 (1296).