وَفِي أُخْرَى لِلشَّيْخَيْنِ قَالَ: «صَلُّوا قَبْلَ صَلَاةِ الْمَغْرِبِ. ثُمَّ قَالَ فِي الثَّالِثَةِ: لِمَنْ شَاءَ كَرَاهِيَةً أَنْ يَتَّخِذَهَا النَّاسُ سُنَّةً».
«Сахихайндағы» басқа риуаятта былай делінген: «Расулалла (с.а.с.): “Ақшам намазынан бұрын намаз оқыңдар!” – деп үш рет айтты. Үшінші жолы жұрт оны тұрақты сүннет санап жүрмесін деп: “Қалаған адам оқысын”, – деді».1
Түсіндірме
Бұл жерде «сүннетке айналдыру» дегеніміз – ұдайы ұстанатын жолға айналдыру. Расулалла (с.а.с.) бұл намазды оқуға кеңес бергенімен, оны тұрақты түрде оқуды талап етпеген. Кейбір ғалымдардың пікірінше, Расулалла (с.а.с.) осы жерде: «Азан айтылғаннан кейін басқа намаз оқылмайды», – деген сөздің мәнін ашып, оның парыз намазға қатысты екенін көрсеткен. Демек, хадис азан мен қамат арасында нәпіл оқуға рұқсат береді.
- 1Бұхари, «Тәһәжжуд», № 1183. Ибраһим Жанан, «Күтүб-и Ситтә тәржімесі мен шархы», 9-том, 282-бет.