وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا قُلْتَ لِصَاحِبِكَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ وَالْإِمَامُ يَخْطُبُ أَنْصِتْ فَقَدْ لَغَوْتَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Жұма күні имам құтба айтып тұрғанда, жаныңдағы адамға “Үндеме!” десең, өзің де бос сөз айтқан боласың».1
Түсіндірме
Құтба үстінде қасыңдағы адамға أَنْصِتْ, яғни «Тыныш отыр, тыңда!» деу туралы № 2851 және № 2852 хадистердің түсіндірмесінде айтылды.
- 1Бұхари, Жұма: 36, Мүслим, Жұма: 11, (851); Муатта, Жұма: 6, (1, 103); Әбу Дәуіт, Намаз: 235, (1112); Тирмизи, Намаз: 368, (512); Нәсәи, Жұма: 22, (3 103–104).