Хадис

Кутуб ситтә, № 2857

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
389. Жұма намазы
Нөмірі
№ 2857 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
2857
Кутуб ситтә, № 2857 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ أَدْرَكَ رَكْعَةً مِنَ الْجُمُعَةِ أَوْ غَيْرِهَا فَقَدْ تَمَّتْ صَلَاتُهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Жұма не басқа намаздың бір рәкатына үлгерген кісі намазына толық үлгерген болады».1

Түсіндірме

Жұма немесе басқа намаздың бір рәкатын имаммен оқып, қалған рәкаттарын жеке аяқтаған кісі намазды жамағатпен түгел оқыған болып саналады, яғни жамағат намазының сауабын алады.

Бұл мәселе № 2830 хадистің түсіндірмесінде кеңірек қарастырылған.

  1. 1Нәсәи, Мәуақит 30, (1, 274, 275).