Хадис

Кутуб ситтә, № 2782

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
384. Жамағатпен намаз
Нөмірі
№ 2782 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
2782
Кутуб ситтә, № 2782 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

وَعَنْ أبَىٍّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ لَا أَعْلَمُ أَحَدًا أبَعْدَ مِنْهُ مِنَ الْمَسْجِدِ، وَكَانَتْ لَا تُخْطِئُهُ صَلَاةٌ، فَقِيلَ لَهُ: لَوْ اشْتَرَيْتَ حِمَارًا فَرَكِبْتَهُ فِي الظَّلْمَاءِ أَوْ فِي الرَّمْضَاءِ؟ فَقَالَ: مَا يَسُرُّنِي أَنَّ مَنْزِلِي إِلَى جَنْبِ الْمَسْجِدِ، إِنِّي أُرِيدُ أَنْ يُكْتَبَ لِي مَمْشَايَ إِلَى الْمَسْجِدِ وَرُجُوعِي إِلَى أهْلِي، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: قَدْ جَمَعَ اللَّهُ تَعَالَى لَكَ ذَلِكَ كُلَّهُ». أَخْرَجَهُ مَسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.) былай дейді: «Мешіттен бір кісі алыс тұратын. Одан алыста тұратын ешкімді білмейтінмін. Ол бірде-бір намазды жібермейтін. Оған: “Қараңғыда не аптапта мінетін бір есек сатып алсаңшы”, – деді. Ол: “Үйімнің мешітке іргелес болуы мені қуантпас еді. Мешітке жаяу барғаным да, отбасыма қайтқаным да сауап болып жазылса екен деймін”, – деп жауап берді. Алла елшісі (с.а.с.): “Алла Тағала осының бәрінің сауабын саған жинап берді”, – деді».1

Түсіндірме

Расулалла (с.а.с.) мешіттен алыс тұру мәселесін бірнеше хадисінде қозғаған. Кейбір хадистерде азанды естілмейтіндей қашықтықта тұруды ұнатпай, оны үйдің сәтсіздігіне балаған. Дегенмен жоғарыдағы хадисте де байқалғандай, бес уақыт мешітке келуге кедергі болмайтындай қашықтықта тұруды дұрыс көріп, тіпті мақтаған. Мешітке алыстығы себепті үйлерін тастап жақынырақ жерге келгілері келген Бәни Сәламаға рұқсат етпей, «Әр қадамдарыңа жазылатын сауапты ойламайсыңдар ма?» – деген.2

  1. 1Мүслим, Мәсәжид: 278, (663); Әбу Дәуіт, Салат: 49, (586).
  2. 2Мешіттер туралы толығырақ осы кітаптың «Мешіт» бөлімінде баяндалады (№5504–5525).