عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: صَلَاةُ الرَّجُلِ فِي جَمَاعَةٍ تُضَعَّفُ عَلَى صَلَاتِهِ فِي بَيْتِهِ وَسُوقِهِ خَمْسًا وَعِشْرِينَ ضِعْفًا، وَذَلِكَ أَنَّهُ إِذَا تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوَضُوءَ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَى الْمَسْجِدِ لَا تُخْرِجُهُ إِلَّا الصَّلَاةُ لَمْ يَخْطُ خُطْوَةً إِلَّا رُفِعَتْ لَهُ بِهَا دَرَجَةٌ، وَحُطَّتْ عَنْهُ بِهَا خَطِيئَةٌ، فَإِذَا صَلَّى لَمْ تَزَلِ الْمَلاَئِكَةُ تُصَلِّي عَلَيْهِ مَا دَامَ فِي مُصَلَّاهُ: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَيْهِ، اللَّهُمَّ ارْحَمْهُ. وَلَا يَزَالُ أَحَدُكُمْ فِي صَلَاةٍ مَا انْتَظَرَ الصَّلَاةَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ، وَهَذَا لَفْظُ الْبُخَارِيِّ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ер кісінің жамағатпен оқыған намазының сауабы үйінде не базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Өйткені ол дәретін жақсылап алып, намаз үшін ғана мешітке бет алса, басқан әр қадамымен бір дәрежеге көтеріледі әрі бір күнәсі өшіріледі. Намаз оқып, сол орнында отырғанында періштелер: ‘Уа, Алла, оны жарылқа! Уа, Алла, оған рақым ет!’ – деп дұға етеді. Қайсыбірің намазды күтіп отырған кездеріңде намазда тұрған болып есептелесіңдер”, – деді».1
- 1Бұхари, Азан: 30, Жұма: 2; Мүслим, Салат: 272 (649); Әбу Дәуіт, Салат: 49, (559); Тирмизи, Салат: 245, (330); Ибн Мәжа, Мәсәжид: 16, (788).