وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْمَقْبُرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ أبَا رَافِعٍ مَوْلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَرَّ بِالْحَسَنِ بْنِ عَلِىٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَهُوَ يُصَلِّي قَائِمًا، وَقَدْ غَرَزَ ضُفُرَهُ فِي قَفَاهُ فَحَلَّهَا أَبُو رَافِعٍ، فَالْتَفَتَ إِلَيْهِ الْحَسَنُ مُغْضَبًا، فَقَالَ لَهُ أَبُو رَافِعٍ: أَقْبِلْ عَلَى صَلَاتِكَ وَلَا تَغْضَبْ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ذَلِكَ كِفْلُ الشَّيْطَانِ: يَعْنِي مَقْعَدَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әбу Сағид әл-Мақбури былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) азат еткен Әбу Рафиғ Хасан ибн Әлидің жанынан өте бергенде, оның өрілген шашын желкесіне түйіп, намаз оқып тұрғанын көрді. Әбу Рафиғ түйінін шешіп жіберді. Хасан оған ашулана бұрылды. Сонда Әбу Рафиғ: “Ашуланба, намазыңды жалғастыр. Алла елшісінің (с.а.с.): ‘Бұл – шайтанның кифлі’, – дегенін естідім”, – деді. Мұндағы кифл – оның отыратын орны».1
- 1«Ән-Ниһаяда» түсіндірілгендей, «кифл» деп түйенің өркешіне мата орап жасайтын отыратын орынды атайды. Әбу Дәуіт, №646. Ибраһим Жанан, 9/46–47.