Хадис

Кутуб ситтә, № 2749

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
377. Намазда қалғу
Нөмірі
№ 2749 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2749
Кутуб ситтә, № 2749 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا نَعَسَ أَحَدُكُمْ وَهُوَ يُصَلِّي فَلْيَرْقُدْ حَتَّى يَذْهَبَ عَنْهُ النَّوْمُ، فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا صَلَّى وَهُوَ نَاعِسٌ لَا يَدْرِي لَعَلَّهُ يَذْهَبُ يَسْتَغْفِرُ فَيَسُبُّ نَفْسَهُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қайсыбірің намаз оқып тұрғанда қалғысаңдар, ұйқыларың ашылғанша жатып тынығыңдар. Өйткені ұйқылы-ояу намаз оқыған адам кешірім сұраймын деп, аңдамай өзіне тіл тигізуі мүмкін”, – деді».1

Түсіндірме

1. Қалғыған кісі терең ұйқыға кетпейді. Айналасындағы күбірді естіп, басы қалтылдаған күйі жартылай ояу отырады. Ал терең ұйқыға кеткен адам дыбыс естімейді, айналасында не болып жатқанын білмейді. Кейде түс көреді, денесі қозғалыссыз қалады.

2. Расулалланың ұйқысырағанда намаз оқымауға қатысты айтқан кеңесінде ғалымдар дәреттің бұзылу ықтималдылығы барын айтқан. Алайда бұл кеңінен талқыланатын бөлек тақырып.

3. Хадистегі «сәбб» сөзі қарғау, балағаттау, жамандау, лағынет айту, сөгу сияқты мағыналарды қамтиды. Ұйқылы-ояу кісі өзіне қарғыс айтып қоюы мүмкін болғандықтан, намазын тоқтатуға бұйырылған. Намаз оқыған адам аузынан шыққан сөзді құр қайталамай, мағынасына ой жүгірткені жөн. Ал қалғып тұрған кісі ойын жинамақ түгіл, бойын әрең ұстап тұрады да, айтқан сөзіне жіті мән бере алмайды.

4. Ғалымдардың кейбірі «намаздағы қалғу тәһәжжүд намазы үшін айтылған, өйткені парыз намаздар адамның ұйқысы келетіндей уақыттарда емес» десе де, ғалымдардың басым көпшілігі бұл пікірді құптамаған. Өйткені хадисте ондай мәселе айтылмаған, оның үстіне адамдардың ұйқысы дұрыс қанбаса, әр уақытта да келе береді.

  1. 1Бұхари, Ууду: 53, Мүслим, Мусәфирин: 222, (786); Муатта, Салатул-Ләйл: 3, (1, 118); Әбу Дәуіт, Салат: 308, (1310); Тирмизи, Салат: 263, (355); Нәсәи, Таһарат: 117, (1, 99-100).