وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّى بِأَصْحَابِهِ إِذْ خَلَعَ نَعْلَيْهِ فَوَضَعَهُمَا عَنْ يَسَارِهِ، فَلَمَّا رَأَى ذَلِكَ الْقَوْمُ أَلْقَوْا نِعَالَهُمْ، فَلَمَّا قَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلَاتَهُ قَالَ: مَا حَمَلَكُمْ عَلَى إِلْقَائِكُمْ نِعَالَكُمْ. قَالُوا: رَأَيْنَاكَ أَلْقَيْتَ نَعْلَيْكَ فَأَلْقَيْنَا نِعَالَنَا، فَقَالَ: إِنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ أتَانِى فَأخْبَرَنِى أَنَّ فِيهِمَا قَذَرًا أَوْ أَذَىً، فَإِذَا جَاءَ أَحَدُكُمْ إِلَى الْمَسْجِدِ فَلْيَنْظُرْ، فَإِنْ رَأَى فِي نَعْلَيْهِ قَذَرًا، أَوْ قَالَ أَذَىً فَلْيَمْسَحْهُ وَلْيُصَلِّ فِيهِمَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сахабаларына намаз оқытып тұрғанда аяқкиімін шешіп, сол жағына қойды. Мұны көрген жамағат та аяқкиімін шешті. Намазын аяқтаған соң: “Аяқкиімдеріңді неге шештіңдер?” – деп сұрады. Олар: “Сіздің шешкеніңізді көріп, біз де шештік”, – деді. Ол: “Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп, аяқкиіміме ластық жұққанын айтты. Араларыңнан біреу мешітке келсе, аяқкиіміне қарасын. Ластық көрсе, сүртіп тастасын да, аяқкиімімен намазын оқысын”, – деді».1
Түсіндірме
1. Хадистегі «әзә» сөзі жұрт жиіркенетін нәрселерді де білдіреді. Ол сөздің мағынасы нәжіспен ғана шектелмейді.
2. Хадис аяқкиіммен намаз оқуға болатынын көрсетеді.
3. Аяқкиімге жұққан, көзге көрінетін ластықты сүртіп тастап, онымен намаз оқуға болады.
4. Хаттаби осы хадиске сүйеніп: «Кісі киімінде нәжіс барын білмей намаз оқып, оны кейін байқаса, намазын қайта оқуы қажет емес», – деген.
5. Алла елшісінің (с.а.с.) сөзін орындау уәжіп болғанындай, ісіне ілесу де уәжіп. Сахабалар аяқкиімін шешкенін көргенде, дереу соны қайталаған.
6. Кісі жалғыз намаз оқып тұрып аяқкиімін шешсе, оны сол жағына қояды. Сапта екі жағында да кісі тұрса, аяқкиімін аяғының астына қояды.
7. Қажеттілікке байланысты намаздан тыс бір қимыл жасау намазды бұзбайды.
- 1Әбу Дәуіт, Салат: 89, (650).