Хадис

Кутуб ситтә, № 2673

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
370. Киімнің тазалығы
Нөмірі
№ 2673 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2673
Кутуб ситтә, № 2673 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Мұғауия

عَنْ مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّهُ سَأَلَ أُخْتَهُ أُمَّ حَبِيبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجَ النَّبِيِّ ﷺ: هَلْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ يُصَلِّى فِي الثَّوْبِ الَّذِي كَانَ يُجَامِعُهَا فِيهِ؟ فَقَالَتْ: نَعَمْ، مَا لَمْ يَرَ فِيهِ أَذَىً». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِى. وَالْمُرَادُ «بِالْأَذَى» هُنَا الرُّطُوبَةُ مِنَ الجِمَاعِ.

Қазақша аудармасы

Мұғауия (р.а.) қарындасы, Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Үммі Хабибадан (р.а.): «Алла елшісі сенімен жақындасқанда үстінде болған киімімен намаз оқитын ба еді?» – деп сұраған. Ол: «Иә, киімінде ластық байқамаса, оқитын», – деп жауап берген.1

Түсіндірме

Мәнидің нәжіс саналуы жөнінде ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Имам Шәфиғи мен Ахмад оны таза санаған, Әбу Ханифа мен Мәлик нәжіске жатқызған. Имам Мәликтің пікірінше, мәни кепсе де, дымқыл болса да жуылады. Әбу Ханифаның пікірінше, дымқыл мәни жуылады, кепкенін ысқылап кетіруге болады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 133 (№366). Нәсәи, «Таһарат», 186 (1/155). Бұхари, «Салат», 2 (тарау тақырыбында келтірілген).