Хадис

Кутуб ситтә, № 2670

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
369. Намаздың шарттары. Хадастан тазару
Нөмірі
№ 2670 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
2670
Кутуб ситтә, № 2670 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ أَحْدَثَ فِي صَلَاتِهِ فَلْيَنْصَرِفْ، فَإِنْ كَانَ فِي صَلَاةِ جَمَاعَةٍ فَلْيَأْخُذْ بِأَنْفِهِ وَلْيَنْصَرِفْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَإِنَّمَا أَمَرَهُ أَنْ يَأْخُذَ بِأَنْفِهِ لِيُوهِمَ الْقَوْمَ أَنَّ بِهِ رُعَافًا، وَهُوَ مِنْ نَوْعِ الأَدَبِ فِي سَتْرِ الْعَوْرَةِ وَإِخْفَاءِ الْقَبِيحِ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Намаз үстінде кімнің дәреті бұзылса, намаздан шықсын. Жамағатпен оқып тұрса, мұрнын ұстап шықсын».1

Мұрнын ұстаудағы мақсат – жамағат оны мұрны қанағандықтан шығып бара жатыр деп ойласын дегені. Бұл – ұятты жерді жабу мен қолайсыз жағдайды жария етпеуде әдеп сақтау.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 236, (1114).