Хадис

Кутуб ситтә, № 2649

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
365. Тәшәһһудтің мағынасы мен мәні
Нөмірі
№ 2649 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
2649
Кутуб ситтә, № 2649 · тараудағы реті: 14

وَعَنْ طَاوُسٍ قَالَ: «قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ فِي الْإِقْعَاءِ عَلَى الْقَدَمَيْنِ فَقَالَ: هِىَ السُّنَّةُ، فَقُلْنَا لَهُ: إِنَّا لَنَرَاهُ جَفَاءً بِالرَّجُلِ، فَقَالَ: بَلْ هِىَ سُنَّةُ نَبِىِّكُمْ ﷺ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِي، وَهَذَا لَفْظُ مُسْلِمٍ. وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ: بَعْدُ «عَلَى الْقَدَمَيْنِ فِي السُّجُودِ»

Қазақша аудармасы

Тауус былай дейді: «Ибн Аббастан (р.а.) намазда екі аяқтың үстіне отыру жайын сұрадым. Ол: “Бұл – сүннет”, – деді. Біз: “Мұны ер кісіге жайсыз отырыс деп білеміз”, – дедік. Ол: “Бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті”, – деді».1

Әбу Дәуіттің риуаятында «екі аяқтың үстіне» деген сөзден кейін «сәжде кезінде» деген қосымша келген.

  1. 1Мүслим, Мәсәжид: 32, (536); Әбу Дәуіт, Салат: 143, (845); Тирмизи, Салат: 210, (283). Мәтін Мүслимнен жеткен.