وَعَنْ عَاصِمٍ بْنِ كُلَيْبٍ الْجَرْمِى عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ، وَاسْمُهُ شِهَابٌ بْنُ الْمَجْنُونِ. قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يُصَلِّى، وَقَدْ وَضَعَ يَدَهُ الْيُسْرَى عَلَى فَخِذِهِ الْيُسْرى، وَوَضَعَ يَدَهُ الْيُمْنَى عَلَى فَخِذِهِ الْيُمْنَى، وَقَبَضَ أَصَابِعَهُ وَبَسَطَ السَّبَّابَةَ وَهُوَ يَقُولُ: يَا مُقَلِّبَ الْقُلُوبِ ثَبِّتْ قَلْبِى عَلَى دِينِكَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Асым ибн Күләйб әл-Жәрми әкесінен, әкесі Шиһаб ибн әл-Мәжнун атты атасынан мына сөзді жеткізген: «Алла елшісінің (с.а.с.) алдына кірсем, намаз оқып отыр екен. Сол қолын сол санына, оң қолын оң санына қойып, оң қолының саусақтарын жұмған, тек сұқ саусағын жазған күйі: “Уа, жүректерді бұрушы Алла! Жүрегімді дініңде берік ет”, – деп дұға етті».1
- 1Тирмизи, «Дағауат», №3587. Дар әл-Фикр басылымында №3657, Ибраһим Жанан жинағында №3581 деп көрсетілген.