وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِى عَنْ عَلِيٍّ بْنِ عَبْدِالرَّحْمَنِ قَالَ: «صَلَّيْتُ إِلَى جَنْبِ ابْنِ عُمَرَ فَقَلَّبْتُ الْحَصَى، فَقَالَ لِى: لَا تُقَلِّبْ الْحَصَى، فَإِنَّ تَقْلِيبَ الْحَصَى مِنَ الشَّيْطَانِ، وَافْعَلْ كَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَفْعَلُ. قُلْتُ: وَكَيْفَ رَأَيْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَفْعَلُ؟ قَالَ: هَكذَا، وَنَصَبَ الْيُمْنَى، وَأَضْجَعَ الْيُسْرَى، وَوَضَعَ يَدَهُ الْيُمْنَى عَلَى فَخِذِهِ الْيُمْنَى، وَيَدَهُ الْيُسْرَى عَلَى فَخِذِهِ الْيُسْرى، وَأَشَارَ بِالسَّبَّابَةِ». وَفِي أُخْرَى: «بِأُصبُعِهِ الَّتِى تَلِي الْإِبْهَامَ فِي الْقِبْلَةِ، وَرَمَى بِبَصَرِهِ إِلَيْهَا».
Нәсәи Әли ибн Абдуррахманнан мына сөзді жеткізген: «Ибн Омардың (р.а.) қасында намаз оқып отырып, қиыршық тастарды қозғадым. Ол: “Тастарды қозғама. Бұл – шайтанның ісі. Алла елшісінің (с.а.с.) істегенін істе”, – деді. Мен: “Алла елшісінің (с.а.с.) не істегенін көрдің?” – деп сұрадым. Ол: “Былай”, – деп оң аяғын тік қойып, сол аяғын жерге төседі. Оң қолын оң санына, сол қолын сол санына қойып, сұқ саусағымен ишара жасады».
Басқа риуаятта: «Бас бармағына іргелес сұқ саусағымен құбыланы нұсқап, көзін сол саусаққа тікті», – делінген.1
- 1Мүслим, Мәсәжид: 114–116, (580); «Муатта», Салат: 48, (1, 88); Әбу Дәуіт, Салат: 186, (987); Тирмизи, Салат: 220, (294); Нәсәи, Ифтитах: 189, (2, 237), Сәһу: 32–35, (3, 36–38).