وَفِي أُخْرَى: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: أُمِرْتُ أَنْ أَسْجُدَ عَلَى سَبْعَةِ أَعْظُمٍ: الْجَبْهَةِ، وَأَشَارَ بِيَدِهِ إِلَى أَنْفِهِ، وَالْيَدَيْنِ، وَالرُّكْبَتَيْنِ، وَأَطْرَافِ الْقَدَمَيْنِ، وَلَا نَكُفَّ الثِّيَابَ وَلَا الشَّعْرَ». هَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. «الْكَفُّ» جَمْعُ الثَّوْبِ بِالْيَدَيْنِ عِنْدَ الرُّكُوعِ وَالسُّجُودِ.
Қазақша аудармасы
Тағы бір риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзі келген: «Жеті сүйекке – маңдайға, екі қолға, екі тізеге және екі аяқтың ұшына сүйеніп сәжде етуге бұйырылдым». Маңдайды атағанда қолымен мұрнын да нұсқады. «Киімді де, шашты да жинамаймыз».1
Екінші риуаят «Сахихайнда» келген. Сәждеге не рукуғқа барарда шашты немесе киімді екі қолмен жиып, жөнге келтіруге тыйым салынған. Мұндай қимылдар намазға жатпайды.
- 1Бұхари, Азан: 133, 134, 137; Мүслим, Салат: 227–231 (490); Әбу Дәуіт, Салат: 155, (889, 890); Тирмизи, Салат: 203, (273); Нәсәи, Ифтитах: 130, (2, 208); Ибн Мәжа, Иқама: 19, (883–885).