Хадис

Кутуб ситтә, № 2579

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
359. Тағдил-әркан
Нөмірі
№ 2579 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
2579
Кутуб ситтә, № 2579 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ سَالِمٍ الْبَرَّادِ قَالَ: «أَتَيْنَا أَبَا مَسْعُودٍ فَقُلْنَا لَهُ حَدِّثْنَا عَنْ صَلَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَامَ بَيْنَ أيْدِينَا فَكَبَّرَ. فَلَمَّا رَكَعَ وَضَعَ رَاحَتَيْهِ عَلَى رُكْبَتَيْهِ وَجَعَلَ أَصَابِعَهُ أَسْفَلَ مِنْ ذَلِكَ وَجَافَى بَيْنَ مِرْفَقَيْهِ حَتَّى اسْتَوَى كُلُّ شَىْءٍ مِنْهُ. ثُمَّ قَالَ: سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ. فَقَامَ حَتَّى اسْتَوَى كُلُّ شَىْءٍ مِنْهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. «الْمُجَافَاةُ» أَنْ يَرْفَعَ يَدَيْهِ عَنْ جَنْبَيْهِ وَلَا يُلْصِقَهُمَا.

Қазақша аудармасы

Салим әл-Бәррад былай дейді: «Әбу Мәсғудтан: “Алла елшісінің (с.а.с.) қалай намаз оқығанын бізге көрсетші”, – деп сұрадық. Ол алдымызға шығып, тәкбір айтты. Рукуғқа барғанда алақандарын тізелеріне қойып, саусақтарымен тізелерінің астыңғы жағын қапсыра ұстады. Шынтақтарын екі жағына шығарып, бір сәт қимылсыз тұрды. Содан кейін “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ” деп, денесі түгел тіктелгенше белін жазды».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат», 148 (№863). Нәсәи, «Ифтитах», 93 (2/186).