Хадис

Кутуб ситтә, № 2266

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
335. Мас қылатын әрбір нәрсе харам
Нөмірі
№ 2266 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
2266
Кутуб ситтә, № 2266 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَأَلَ رَجُلٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْأَشْرِبَةِ، فَقَالَ: «اجْتَنِبْ كُلَّ مُسْكِرٍ يَنِشُّ، قَلِيلَهُ وَكَثِيرَهُ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ. وَيَنِشُّ: أَيْ يَغْلِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла елшісінен (с.а.с.) сусындар жайында сұрады. Ол: “Ашып, мас қылатын әрбір сусынның азынан да, көбінен де аулақ бол”, – деп жауап берді»1.

Түсіндірме

Синди былай түсіндіреді: «“Көбі” дегені – мас қылатын мөлшері, “азы” дегені – мас қылмайтын мөлшері. Демек, шараптың бір жұтымы да харам». Көпшілік ғалымдар осы пікірді ұстанған. Имам Нәсәи де осы ұстанымды құптап, «Көбі мас қылатын әрбір сусынның тыйымы» деген тарауда бірнеше хадис келтірген және бұл жөнінде талас жоқ екенін атап өткен.

  1. 1Нәсәи, «Әшриба», 24 (8/300), 48 (8/324).