Хадис

Кутуб ситтә, № 2249

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
330. Ыдыстың аузынан ішуге тыйым білдіретін хадистер
Нөмірі
№ 2249 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2249
Кутуб ситтә, № 2249 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ اخْتِنَاثِ الْأَسْقِيَةِ، أَنْ يُشْرَبَ مِنْ أَفْوَاهِهَا». وَ«اخْتِنَاثُهَا»: أَنْ يَقْلِبَ رَأْسَهَا فَيَشْرَبَ مِنْهُ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) торсықтың аузын қайырып, содан тікелей су ішуге тыйым салды»1.

Түсіндірме

Бұл хадистің үкімі алдыңғы риуаятпен қабыспайтындай көрінгендіктен, оны әртүрлі түсіндірген. Мысалы, ыдыстың аузын қайыру деген сөзді «ыдыстың аузын төмен қаратып төңкеру» деп түсіндіргендер бар.

Бұл хадис су сақталған ыдыстың аузынан тікелей ішуге тыйым салады. Суды уыстап немесе шағын ыдысқа құйып ішкен дұрыс. Әбу Бәкір ибн Әбу Шәйбаның «Муснәдінде» тыйымға себеп болған бір оқиға баяндалады. Бір адам су құйылған ыдыстың аузынан ішкенде, ішіне жасырынып жатқан жіңішке жылан оның асқазанына түсіп кетеді. Осыдан кейін Алла елшісі (с.а.с.) су сақталған ыдыстың аузынан ішуге тыйым салған.

  1. 1Бұхари, «Әшриба», 23; Мүслим, «Әшриба», 111 (2023); Әбу Дәуіт, «Әшриба», 15 (3720); Тирмизи, «Әшриба», 17 (1890).