عَنِ ابْنِ عَمْرٍو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَرْكَبُ الْبَحْرَ إِلَّا حَاجٌّ أَوْ مُعْتَمِرٌ أَوْ غَازٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى. فَإِنَّ تَحْتَ الْبَحْرِ نَارًا وَتَحْتَ النَّارِ بَحْرًا».
Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Қажылыққа, ұмраға немесе Алла жолындағы жорыққа бара жатқан адам ғана теңізге шықсын. Өйткені теңіздің астында от, оттың астында теңіз бар»1.
Түсіндірме
قَالَ الْخَطَّابِيُّ فِي قَوْلِهِ: إِنَّ تَحْتَ الْبَحْرِ نَارًا إِلَخِ. هَذَا تَفْخِيمُ أَمْرِ الْبَحْرِ وَتَهْوِيلٌ لِشَأْنِهِ، فَإِنَّ الْآفَةَ تُسْرِعُ إِلَى رَاكِبِهِ وَلَا يُؤْمَنُ هَلَاكُهُ فِي غَالِبِ الْأَمْرِ كَمَا لَا يُؤْمَنُ الْهَلَاكُ مِنَ النَّارِ لِمَنْ لَابَسَهَا وَدَنَا مِنْهَا، وَهَذَا فِي مَعْرِضِ التَّخَيُّلِ وَالتَّمْثِيلِ.
1. Түсіндірмешілер риуаяттың әлсіз екенін ескерте отырып, теңіз жолымен қажылыққа бару жөніндегі пікірлерді келтірген. Әбул-Ләйс Самарқандидің пікірінше, құрлықпен бару мүмкін болмай, теңіз жолымен аман жету ықтималдығы басым болса, қажылық парыз болып қала береді. Қауіп басым болса, бару-бармауды адам өзі шешеді. Кей ғалымдар теңіз жолының өзін қажылық міндетінен босататын себеп санаған. Хаттаби риуаяттан қажылыққа басқа жолы жоқ кісінің кемеге мінуіне негіз бар деп түсінген. Көп фиқһ ғалымы осы пікірді ұстанған. Шәфиғи риуаяттың әлсіздігіне байланысты оны дәлел ретінде қолданбаған. Ибн Хажар бұл мәселеде ер мен әйелге қатысты пікірлердің айырмасын келтіреді. Мәлик әйелдің теңізбен сапар шегуін құптамаған. Көпшілік ғалым қауіп болмаса, теңіз жолын құрлық жолымен бірдей санаған.
2. Хаттаби бұл сөздерді теңіз сапарының қатерін бейнелеп жеткізу деп түсінген. Отқа жақындаған кісі оның шарпуынан қауіптенгендей, теңіздегі жолаушы да тосын апатқа тап болуы мүмкін.
3. Түсіндірме авторы «теңіздің астында от, оттың астында теңіз бар» деген сөзді мұғжизалы хабар деп қабылдап, оны Жер қойнауының қызуымен байланыстырады.
- 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2489. Әл-Әлбани бұл риуаятты әлсіз деп бағалаған.