وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الرَّاكِبُ شَيْطَانٌ، وَالرَّاكِبَانِ شَيْطَانَانِ، وَالثَّلَاثَةُ رَكْبٌ».
Амр ибн Шуғайып әкесінен, ал әкесі атасынан мына хадисті жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жалғыз жолаушы – бір шайтан, екі жолаушы – екі шайтан, үш жолаушы – бір керуен”, – деді»1.
Түсіндірме
Хаттаби хадисті былай түсіндіреді. Жалғыз жол жүруді тартымды етіп көрсетіп, адамды оңашалыққа азғыру – шайтанның ісі. Екі адам жүргенде де қауіп сейіле қоймайды. Үш адам бір топ құрайды. Жалғыз жолаушы қиналса, жәрдемдесер жан табылмайды. Қазаға ұшыраса, денесін жуып, жаназасын шығарып, жерлейтін, жақындарына хабар беріп, дүниесі мен өсиетін жеткізетін кісі болмайды. Бірге жүргендер қауіп төнгенде бір-біріне қорған болады, қиындықта демеу көрсетеді. Намазды да бірге оқып, жамағат сауабын алады.
- 1Мәлик, «Муатта», «Рұқсат сұрау», 25 (2/978). Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2607. Тирмизи, «Жиһад», № 1674.